Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Пари Сен-Жермен екінші жыл қатарынан UEFA суперкубогы иегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан UEFA суперкубогында «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Астон Вилла» (Англия) командалары кездесті.

«Пари Сен-Жермен» во второй раз подряд стал победителем Лиги чемпионов
Фото: DW

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Алдымен франциялық клуб сапынан 20-минутта Хвича Кварацхелия есеп ашса, 45-минутта англиялық командадан Брайан Маджо таразы басын теңестірді.

Ал 61-минутта Дезире Дуэ қайтадан «Пари Сен-Жерменді» алға шығарды. 

Осылайша «Пари Сен-Жермен» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, қатарынан екінші жыл суперкубок иегері атанды.

Франциялық команда Чемпиондар лигасы финалында Англияның «Арсеналын» (1:1, пенальтиден 4:3) қапы қалдырса, «Астон Вилла» Еуропа лигасы финалында Германияның «Фрайбургын» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Суперкубок 1972 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін Испанияның «Реал Мадрид» 6 мәрте төбесіне көтерді.

Сондай-ақ Испанияның «Барселона» мен Италияның «Миланы» 5, Англияның «Ливерпулі» 4, Нидерландтың «Аякс» және Испанияның «Атлетико Мадриді» 3, Англияның «Челси», Германияның «Бавария», Бельгияның «Андерлехт», Испанияның «Валенсия», Италияның «Ювентусы» 2 мәрте кубокқа ие болды.

Сондай-ақ Испанияның «Севилья», Португалияның «Порту», Англияның «Манчестер Юнайтед», «Ноттингем Форест», «Астон Вилла», «Манчестер Сити», Украинаның «Динамо Киев», Шотландияның «Абердин», Румынияның «Стяуа», Бельгияның «Мехелен», Италияның «Парма», «Лацио», Түркияның «Галатасарай», Ресейдің «Зенит» клубтары бір-бір мәрте жеңімпаз болды.

Өткен жылы «Пари Сен-Жермен» суперкубокты төбесіне көтерді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» Чемпиондар лигасында «Левскиге» есе жіберді.