Париж қаласында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.Мұсабаев пен Ғарыштық зерттеулер жөніндегі француз ұлттық орталығының (CNES) президенті Я.Дэската арасында келіссөз өтті

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат - Париж қаласында Ұлттық ғарыш агенттігінің Төрағасы Талғат Мұсабаев Ғарыштық зерттеулер жөніндегі француз ұлттық орталығы CNES президенті Яник Дэскатамен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақпанның 24-інде өткен келіссөз барысында ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастық пен осы салада келісім-шарттарға қол қою мәселесі талқыланды.Т.Мұсабаев CNES басшылығын Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктерімен және жоспарларымен таныстырды. Ол Франциямен әртүрлі саладағы қарым-қатынастардың ішінде ғарыш саласы басым екенін және оның қазақ-француз стратегиялық серіктестігіне сай келетінін атап өтті. Я.Деската Қазақстанның ғарыш саласындағы артықшылығына тоқталып, Ұлттық ғарыш агенттігімен ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін айтты. Сонымен қатар екіжақты байланыстарды күшейтуге дайын екенін мәлімдеп, келісім-шарттарды жүзеге асыратын арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды.
Соңғы жаңалықтар