Париж Олимпиаданың ашылу салтанатына қалай дайындалып жатыр

ПАРИЖ. KAZINFORM — Бүгін төрткүл дүние көз тіккен Париж Олимпиадасының алауы тұтанады. Қазір Францияда ойындардың ашылу салтанатына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, көп көшелерде қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылған. 

пари
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Полицейлер мен волонтерлерді қоса алғанда 80 мыңға жуық адам қоғамдық тәртіпті қадағалап жүр. 

париж
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Ал Сена өзенінің жағалауындағы спортшылар шеруі өтетін аумақтарға өту шектелген. Тек арнайы қызмет өкілдері ғана кіріп-шығып жатыр.

Қаладағы біршама метро бекеттері жабық тұр. 

п
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Қазір бізде бар ақпарат көздеріне сенсек, бүгін Париж аспанынан ұшақтардың ұшуына да қатаң тыйым салынған көрінеді.

п
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
париж
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Жалпы, 45 мың полицей, 10 мың сарбаз және 2 мың жеке күзет қызметкері Сена өзенінде, оның жағалауы мен айналасындағы ескерткіштер бойымен өтетін шерудің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

париж
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
олимпиада
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Себебі Жазғы Олимпиада ойындары тарихында алғаш рет ашылу салтанаты стадионда емес, табиғат аясында, Сена өзенінің бойында өтпек. 

париж
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Спортшылар шеруінде әр делегация жеке-жеке қайықпен өзен бойымен жүріп өтеді. 

п
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Шеру 6 шақырым жолды жүріп өтіп, Трокадероның алдында аяқталады. Онда салтанатты іс-шараның қалған бөлігі және шоу өтеді.

олимп
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Салтанатты шараны еліміздің жанкүйерлері тұңғыш рет бес бірдей телеарнадан тікелей эфирде көре алады. 

олимпиада
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Олар — Qazaqstan, Qazsport, «Хабар», «Ел арна» және Jibek Joly телеарналары. Осы аталған бес арна ойынның ресми ашылу салтанатын бірдей уақытта тікелей эфирде көрсетеді. 

а
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Естеріңізге сала кетсек, Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын Қазақстан құрамасының капитаны, боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова ұстап шығады.

қалашығы
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Франция астанасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. 

Оған әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады.

олимпиада
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
олимпиада
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
а
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
париж
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

 

Соңғы жаңалықтар