Париж Олимпиадасы: Елена Рыбакина мен Александр Бублик миксте ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM — Париж олимпиадасындағы теннис турнирінде аралас сында (микст) өнер көрсететін ойыншылар анықталды.

Олимпиаданың ресми сайтынан мәлім болғандай, Қазақстан атынан миксте Елена Рыбакина мен Александр Бублик бақ сынайды.
Қазақстандық теннисшілерге аралас сында мына ойыншылар қарсылас атануы мүмкін.
Ресей: Даниил Медведев/Мирра Андреева.
Германия: Александр Зверев/Лаура Зигемунд.
Аустралия: Мэттью Эбден/Эллен Перес.АҚШ: Тейлор Фритц/Кори Гауфф.
Грекия: Стефанос Циципас/Мария Саккари.
Канада: Феликс Оже-Альяссим/Габриэла Дабровски.
Италия: Андреа Вавассори/Сара Эррани.
Испания: Марсель Гранольерс/Сара Соррибес-Тормо.
Хорватия: Мате Павич/Донна Векич.
Франция: Эдуард Роже-Васслен/Каролин Гарсия.
Қытай: Чжан Чжичжэнь/Чжэн Циньвэнь.
Чехия: Томаш Махач/Катержина Синякова.
Нидерланд: Весли Колхоф/Деми Схурс.
Ұлыбритания: Джо Солсбери/Хитер Уотсон.
Жапония: Кай Нисикори/Эна Сибахара.
Олимпиададағы теннис додасы 27-4 тамыз аралығында Париждегі атақты Ролан Гаррос корттарында өтеді.
Осыған дейін Қазақстаннан жекелей сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик, Александр Шевченко және жұптық бәсекеде А.Бублик пен Александр Недовесовтің ел намысын қорғайтыны айтылған еді.
Жеребе 25 шілде күні тартылып, қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Париж Олимпиадасында Елена Рыбакинамен бірге ойнауға дайын екенін жазған болатынбыз.
А.Бублик Е.Рыбакинамен бірге өнер көрсету Қазақстанның медаль алуға мүмкіндігін арттыратынын мәлімдеген еді.