Парижде Қазақстан-француз үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті

ПАРИЖ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Дүйсенбі күні Парижде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз үкіметаралық делегациясының VIII мәжілісі өтті.
None
None
Қазақстан делегациясын Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов бастап барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, тараптар 2008 жылы мамырдың 19-ында Астанада өткен үкіметаралық комиссияның VII отырысы хаттамасының атқарылу барысы туралы ақпаратты тыңдады. Одан кейін қатысушылар басымдық салаларда, оның ішінде энергетика саласында серіктестік қатынастар орнату мәселелерін талқылады. Қазақстан Францияға біздің республикамыздың аумағында электр-энергетикасы секторындағы жобаларға мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негіздерде атсалысу мүмкіндіктерін ұсынды. Серіктестер сондай-ақ екі елдің ғылыми-зерттеу институттарының арасында ядролық өнеркәсіп саласы бойынша ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді. Үкіметаралық мәжіліс Франция Президенті Николя Саркозидің Қазақстанға сапарының қарсаңында өтті.
Соңғы жаңалықтар