Парижде Қазақстанның Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың мерейтойлық көрмесі ашылды

Шараға суретшінің отбасы, ЮНЕСКО-ның 192-сессиясының атқару кеңесіне қатысушы делегаттар, ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілдері, ЮНЕСКО хатшылығының қызметкерлері, Франциядағы ҚР студенттері мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Әубәкір Ысмайылов - қайта өрлеу кезеңіндегі суретшілердің бірі. Оның шығармашылығы ежелгі көшпелілердің аңыздық болмысын бейнелеуге жаңа серпіліс берді.
Ә.Ысмайыловтың шығармашылық жолы Қазақстандағы бейнелеу өнерінің қалыптасу жылдарымен тұспа-тұс келеді.
1928 жылы Ә.Ысмайылов бірінші қазақстандық жылжымалы көрмеге қатысты. Кейін М.Врубель атындағы Омбы көркем өнер техникумында білім алды. 1929 жылдың соңында Ә.Ысмайылов Мәскеуде оқуын жалғастырады.
1930 жылы ол Мәскеу Полиграфиялық институтының графикалық факультетін тәмәмдайды. 1931 жылы «Октябрь» суретшілер ұйымына қабылданады (1928-1932).
1932 жылы КСРО Суретшілер одағының ұйымдастыру комитетінің мүшесі болған ол Қазақстанға ұлттық суретшілер одағын құруға көмектесу тапсырмасымен жіберілді. Ол ұйым 1933 жылы ресми түрде тіркелді. Қазақстан суретшілер одағы ұйымдастыру комитетінің төарағасы ретінде Ә.Ысмайылов 1940 жылға дейін істеді.
1935 жылы Ә.Ысмайылов Мәскеуде кәсіби суретшілер ұйымына қабылданды. 1932-1934 жылдар аралығында ол И.И.Судаковтың шеберханасында тәлім алды. Кәсіби театр режиссері білімін алған Ә.Ысмайылов өзінің серіктесі Ж. Шанинмен Қазақстанға келгеннен кейін Қазақ драма театрын құрып, онда 1938-1943 жылдар аралығында қызмет атқарды.
1936 жылы Мәскеудегі қазақ өнерінің бірінші онкүндігіне қатысады. Ә.Ысмайыловтың би жәдігерлерін жинау бойынша көп жылдық еңбегі 1961 жылы балетмейстер Д.Әбіровпен қазақ билерінің энциклопедиясын шығаруға мүмкіндік берді. Бейнелеу өнеріндегі жетістіктерімен қоса, Әубәкір Исмаилов актер ретінде де танылды. Ол «Күткенде», «Көгілдір маршрут», «Сол күндерде», «Тақиялы періште», «Қыз Жібек» фильмдерінде ойнаған.
Ә.Ысмайыловтың шығармашылық мұрасы қазақ бейнелеу өнерінің «алтын қорына» енгізілген.