Парижде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысына қатысады

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Наурыздың 1-3-і күндері ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың Француз Республикасына жұмыс сапары өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Наурыздың 2-сінде Парижде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз үкіметаралық комиссиясының VIII отырысы өтеді, Б. Сұлтанов ? осы комиссияның тең төрағасы. Француз жағынан тең төраға ? Сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік хатшы Анн-Мари Идрак. Осы шара ауқымында тараптар энергетика, көлік инфрақұрылымы, ғарыш қызметі, инвестициялар, білім, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және басқа салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылайды. Бұл отырыс Франция президенті Николя Саркозидің Қазақстанға ресми сапары күтіліп отырған қарсаңда өткізілгелі отыр. Шара барысында француз көшбасшысының Астанаға сапары ауқымындағы ықтимал екіжақты келісімдер жасау мәселелері бойынша келіссөздер өтеді. Сол күні Қазақстанның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде болады. Келесі күні, наурыздың 3-інде «МЕДЕФ» Франция кәсіпкерлері қауымдастығының штаб-пәтерінде француз бизнес топтары өкілдерінің дөңгелек үстелі өтеді, оған Бақыт Сұлтанов бастаған қазақстандық делегация қатысады.
Соңғы жаңалықтар