Парижде күн қатты ысиын деп тұр
АСТАНА. KAZINFORM— Дүйсенбі күні үлкен спорт әуесқойлары олимпиада нысандары маңында және Париждегі фан-аймақтарда аптап ыстықтың зардабын тартты.

Бұл күндері аптап ыстық Францияның солтүстігіне, сонымен қатар, ел астанасына жетті.
Олимпиаданың ашылу салтанаты кезінде жаңбыр жауып, кейбір шараларды кейінге қалдыруға тура келгенімен, соңғы күндері ауа райы жақсарды.
Сейсенбі күні ең жоғары температура 36°C-қа жетеді, деп хабарлайды Meteo France.
Температураның күрт көтерілуі ойындарға қатысатын спортшыларға ғана емес, көрермендерге, туристерге және Париж тұрғындарына да әсер етуі мүмкін.
Meteo France күн ысыған кезді сыртқа көп шықпауды, суды көп ішіп, басқа қалпақ киіп, су бүріккіш пайдаланып жүруді ұсынды.
Париждің аймақтық пойыздары мен метро операторы Île-de-France Mobilités дүйсенбі күні 70-тен астам теміржол стансалары мен көлік желісіндегі аялдамаларға, сондай-ақ автовокзалдарға 2 миллион бөтелке су тарататынын хабарлады.
Бұл бастама Олимпиада ойындарының миллиондаған көрермендерінің сұранысын қанағаттандыру мақсатында жасалмақшы.