Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында Джилл Байден АҚШ делегациясын басқарады

АСТАНА.KAZINFORM - Бірінші ханым Джилл Байден жұма күні Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында АҚШ делегациясын басқарады.

Джилл Байден
Фото: Whitehouse

Бұл туралы ресми мәлімдемені Ақ үй Джо Байден президенттік сайлауға түсуден бас тарту туралы шешім қабылдағаннан екі күн өткен соң жасады.

Бірінші ханым делегациясының құрамына бірнеше танымал тұлғалар кіреді, соның ішінде Лос-Анжелес мэрі Карен Басс бар. Алайда, Ақ үй мәлімдемесінде Джилл Байденнің бейсенбі күні кешке Луврда әлемнің түкпір-түкпірінен келген көшбасшылар үшін ұйымдастырылатын кешкі асқа қатысатын, қатыспайтыны туралы айтылмаған.

Ақ үйдің тағы бір мәлімдемесінде вице-президент Камала Харристің күйеуі Дуглас Эмхоффтың 11 тамызда өтетін Ойындардың жабылу салтанатында АҚШ-тың ресми делегациясын басқаратыны айтылған. Оның «командасында» әйелдер футболынан екі дүркін Олимпиада чемпионы Брианна Скарри болады.

Соңғы жаңалықтар