Париждегі Пон-Нёф көпірі алып үңгірге айналады

АСТАНА. KAZINFORM – Париждегі әйгілі Пон-Нёф көпірі маңында француз суретшісі JR әзірлеген ауқымды инсталляция орнатылып жатыр, деп хабарлайды DW.

д
Фото: DW

Ұзындығы 120 метр, биіктігі 18 метр болатын инсталляцияны монтаждау жұмыстары 6 маусымға дейін толық аяқталады. Көрме 28 маусымға дейін келушілерге ашық болады.

Осы уақыт аралығында көпір иммерсивті оқшауланған тоннельге айналады. Жоба аясында күн сәулесі мүлде түспейтін кеңістік дыбыстық эффектілермен және толықтырылған шынайылық технологиясымен үйлестіріледі.

Инсталляцияның музыкалық сүйемелдеуін Томас Бангальтер жасаған.

JR-дің бұл жұмысы перформанс-суретшілер Христо мен Жанна-Клод жұбына арналған омаж саналады.

Олар 1985 жылы Пон-Нёф көпірін 41 800 шаршы метр құм түстес алтын матамен қаптаған болатын.

Ал 10 жылдан кейін дәл осы суретшілер Рейхстаг ғимараты ғимаратын да матамен орап, әлемге әйгілі арт-жоба жүзеге асырған еді.

Айта кетейік, Франция ұлттық жиналысы мәдени құндылықтарды қалпына келтіру туралы заң жобасын қабылдады.