Париждегі Théâtre des Champs-Élysées театрында Қазақстан балет жұлдыздарына жиырма минут қошемет көрсетті

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - «Астана Опера» балетінің алдыңғы қатарлы әншісі Мадина Басбаева және Таир Гатауов Францияда өткен «XXI ғасырдағы әлем балетінің жұлдыздары» гала-концертінде өнер көрсетіп, отанына оралды, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметінен.
None
None

Әртістер 20, 21, 22 қыркүйекте Парижде Théâtre des Champs-Élysées театрында «Тщетная предосторожность» және Борис Асафьевтің «Пламя Парижа» балеттерінен па-де-де орындады.

Қазақстан балет шеберлерінің жасаған қимыл-қозғалыстары арқылы-ақ берілетін бидің әдемілігі мен жігерлілігі Франция көрермендерінің жүректерін жаулады.

Мадина Басбаева Қазақстан балет әртістерінің 20 жылда алғашқы рет «XXI ғасырдағы әлем балетінің жұлдыздары» бағдарламасына қатысып отырғанын баса айтты: «Біз өзіміз де Азиядан шыққан алғашқы өкіл боламыз деп ойламадық. Гала-концертке Еуропа әртістері қатысты, Америкадан қатысқан әншілер көп болды. Мұндай іс-шараға соңғы рет Үлкен театрдан Юрий Ветров қатысқан, бірақ бұл ширек ғасыр бұрын болған».

«Биыл гала-концертті ұйымдастырушылар оны әр континент өкілі өз жұптарын шығара алуы үшін барынша ауқымды қылуға тырысты. Біз бүкіл посткеңестік кеңістіктен жалғыз ғана балет әртістері болып, Қазақстанды, «Астана Опера» театрын таныстырдық. Біздің атымыз өнер көрсеткенге дейін бір жыл бұрын Champs-Élysées театрының репертуарына жазылған», - деп атап айтты Таир Гатауов.

Қазақстандық әртістердің бірінші және екінші бөлімшелерде жалғыз классикалық би билеген қатысушылар болғанан атап айтқан жөн. «Фестивальда классикалық репертуардан Сан-Францискодан келген жұп - Тарас Домитро және Мария Кочеткова билеген бір па-де-де ұсынылды. Біз Мадина екеуміз екі рет па-де-де биледік. Біріншіден, зор табандылық пен жақсы тәжірибе керек болғандықтан, мұны екінің бірі билей алмайды. Қиын болатынын біз басынан бастап-ақ білгенбіз, бірақ көрермендермен ортақ тіл табыса алдық. Біздің көрермендеріміздің еуропалық көрермендерден ерекшелігі олар толық өнер көрсету үлгісіне қол соғады, ал біз бізге әрқашан қол соғатынына үйренгенбіз. Концерттің финалдық бөлігінде әр жұп өзінің ең басты нөмірін көрсетті, біз өзіміздің ең басты нөмірімізді көрсеткенде көрермендер бізді қошеметтеп, 20 минут бойы иілумен болды», - деп ой бөлісті Таир Гатауов.

Мұндай фестивальдар қатысушыларға үлкен күш, тәжірибе береді, ынтасын арттырады. Қазақстандық жұлдыздар «Астана Опера» театрын шетелге таныстырғанымен мақтанады.

Соңғы жаңалықтар