Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Парламент депутаттары Альянстің Бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ елдері жөніндегі Арнаулы өкілі Роберт Симмонспен кездесті

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов бастаған Парламент депутаттары Альянстің Бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ елдері жөніндегі Арнаулы өкілі Роберт Симмонспен кездесуінде Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды,

Парламент депутаттары Альянстің Бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ елдері жөніндегі Арнаулы өкілі Роберт Симмонспен кездесті

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Тараптар Іс-қимылдың жеке жоспары аясындағы өзара іс-әрекеттің, төтенше азаматтық жоспарлау бағдарламасын жүзеге асырудың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жаңғырту, әскери мамандарды оқыту, ғылыми және ақпараттық ресурстарды пайдаланудың қол жеткен деңгейіне қанағаттанғандық білдірді.

«Қазақстан НАТО-мен өзара сындарлы іс-қимыл бағытын ұстанады»,-деп атап өткен Қ.Сұлтанов НАТО-ның әріптес елдерімен әріптестік қатынастарды дамытуда парламенттік үнқатысудың маңыздылығына тоқталды.

Р.Симмонс Ауғанстанды дамыту және қалпына келтіру үдерістерінде Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалады және біздің еліміздің Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды ролін атап өтті.