Парламент Қазақстан мен АҚШ арасындағы ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді қабылдады

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҰР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге Түзетуді
None
None
ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң аясындағы түзетудің негізгі мақсаты Қазақстан мен АҚШ арасындағы ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты 1993 жылғы желтоқсанның 13-індегі келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту болып табылады. Тоқтала кететін жайт, осындай келісімді ұзарту мәселесі бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі мен АҚШ елшілігі арасында ноталар алмасып, 2002 жылы бұл құжаттың мерзімі 2007 жылға дейін ұзартылған болатын. Ал бүгін Парламент қабылдаған түзетуге сәйкес аты аталған Қазақстан мен АҚШ келісімінің қолданысы, егер тараптардың бірде-біреуі екінші тарапты тиісті 7 жылдық кезең аяқталғанға дейін құжат қолданысын ұзартпау туралы жазбаша хабардар етпесе, онда бұл келісім келесі 7 жылдық кезеңге өздігінен ұзартылатын болады. Сондай-ақ келісім ережелері бойынша «Ядролық қару» деген сөзді «Жаппай қырып-жоятын қару» деген сөздермен ауыстыру көзделеді. Осының өзі ядролық, биологиялық, химиялық және радиологиялық қарудың кең ауқымда таралуын болдырмайды. Түзетуге Вашингтонда 2007 жылы қол қойылған. Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
Соңғы жаңалықтар