Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Парламент Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын қабылдады

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын (1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен енгізілген түзетулері мен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні) ратификациялау туралы ҚР Заңы қабылданды.

Парламент Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын қабылдады

Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі. Конвенцияның мақсаты - ядролық материалдардың, технологиялардың, жабдықтар мен ядролық қондырғылардың экспорты мен импортын қоса алғанда, атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын дамыту болып табылады. Конвенция ядролық энергияның белгілі бір түрлерінің бейбіт пайдалану нәтижесінде туындайтын залалдан қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге арналған нормалар мен өлшемдер белгілеуге бағытталған. Құжатқа сәйкес оның тарабы болып табылатын мемлекет ядролық энергияны бейбіт пайдалану нәтижесінде туындайтын ядролық залал үшін белгілі бір жауаптылықта болады.

Конвенцияны ратификациялау Қазақстанның халықаралық нормаларға сәйкес ядролық залал үшін жауаптылыққа дайын екендігі туарлы ниетін растайды.