Парламент «Жалақыны қорғау туралы» конвенцияны қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Жалақыны қорғау туралы конвенцияны (95-конвенция) ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.
None
None

Парламент қабылдаған Конвенция мемлекеттің жалақыны қорғау нормаларын қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл Конвенцияны Халықаралық Еңбек Ұйымына мүше 97 мемлекет қабылдаған. Ал бұған қажетті алғышарттар бүгінгі таңда Қазақстанда да қалыптасып отыр. Сонымен қатар, құжатты қабылдау жалақыны қорғау бөлігінде халықаралық стандарттарды одан әрі енгізуді қамтамасыз етеді және еліміздің осы саладағы халықаралық нормалардың сақталуы мен орындалуын ұстанатынын растайды. Бұдан бөлек, конвенцияда жалақының уақытылы және тұрақты төленіп тұру тәртібі, оны шектен тыс шегерімдерден қорғау айқындалған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, Конвенцияның ұйғарымдары экономиканың барлық салаларына қатысты және жалақы есептелетін немесе төленетін адамдардың барлығына бірдей қолданылады. Бұдан бөлек, Конвенцияда жалақыны уақытылы және жүйелі төлеудің, оны шектен тыс ұстап қалулардан, кәсіпорын банкрот болған немесе таратылған жағдайда жалақыны қорғау қарастырылады.

Жалпы, құжатта еңбекшінің жалақы сомасы мен жалақыны ұстап қалу туралы ақпаратты алу, сонымен бірге, жалақысын өз еркімен пайдалану құқығы да қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар