Парламентаралық ынтымақтастық мәселелері сөз болды

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, осы Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Серік Темірболатовтың Иран Ислам Республикасы Парламентінің депутаты,

Парламентаралық ынтымақтастық мәселелері сөз болды

Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, Иран мен Еуразияны зерделеу орталығының директоры Мехди Санаи мырзамен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Астанада өткен «Рухани мәдениет - әлемді жаңартудың кілті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан Иран депутаты өз ойларымен бөлісті.

«Қазақстанға тағы да келіп, үлкен әсер алып тұрмын. Бұрын бұл қалада екі рет болған едім. Ол кезде Ақмола деп аталған-ды. Қазір Астанадан мемлекеттің қарқынды дамуын көріп тұрмын», - деді Мехди Санаи мырза.

Тараптар кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынасты дамыту, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты және әлеуметтік-гуманитарлық саладағы байланысты өрістету жайы сөз болды.