Парламентшілер өзара ынтымақтастық байланыс төңірегінде пікір алмасты
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - 11 наурыз күні Украинаның Жоғарғы Радасының төрағасы Владимир Литвин бастаған парламенттік делегациясы Астанада қысқа мерзімді сапарда болды, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Елорда әуежайында украиналық әріптестерін ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко бастаған Қазақстан парламентшілері қарсы алып, кездесу өткізді.
Кездесу барысында Палата төрағасының орынбасары, атап айтқанда, үстіміздегі жылы наурыз айының соңында Алматы қаласында ТМД ПАА-ның мерейтойлық отырысына Владимир Литвиннің қатысатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде Жоғарғы Раданың төрағасы ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын атап өтті.
Тараптар бірқатар мәселелер, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастық байланыс төңірегінде пікір алмасты.