15:30, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
Парламентте заңмен шектелуге жататын травматикалық қару-жарақтар таныстырылды
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен «Травматикалық қару: заңнамалық реттеу мәселелері» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырысы аясында заңмен шектелуге жататын травматикалық қару-жарақтар таныстырылды.

Бүгінде депутаттардың талқысына түскен жаңа заң жобасы («ҚР ішкі істер органдарының қызметі бойынша кейбір нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» - авт.) қабылданатын болса, «ПМ-ГТ», «Лидер», «Форт - 10» сияқты газды-травматикалық және «Оса» сынды травматикалық қару-жараққа тыйым салынады. Ал «ИЖ-27» сериялы мылтықтарды, сондай-ақ газды кару-жарақ, электрошокерлер мен жас шығаратын құрылғыларды қорғаныс ретінде ұстауға рұқсат етіледі.