Парсы шығанағында Қатар әскери тікұшағы апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Елдің аумақтық сулары үстінен ұшып бара жатқан Қатар әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырап, жеті адам опат болды, деп хабарлайды DW.

ВВС Катара сбили два иранских Су-24
Фото: Qatar news agency

Борттағы алты адамның денесі табылғаны туралы бұған дейін хабарлан, ал тағы бір ұшқыш әлі күнге дейін хабар-ошарсыз.

Қатар билігінің мәліметі бойынша, қаза тапқандардың төртеуі Қатар әскери қызметкерлері, ал қалған үшеуі түрік азаматтары. Анкара апатқа ұшыраған тікұшақ бортында түрік әскери қызметшісі мен Aselsan әскери-өнеркәсіптік корпорациясының екі технигі болғанын нақтылады.

Қатар Қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желі платформасында тікұшақ жоспарланған жаттығу ұшуы кезінде техникалық ақауға ұшырағанын хабарлады.

Бұған дейін Қатар әуе күштері екі ирандық Су-24 ұшағын атып түсіргені хабарланған болатын.