Пашинян: Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілікті қаламайтын күштер бар

Кейбір ішкі және сыртқы күштер Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнағанын қаламайды. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform Trend.az агенттігіне сілтеме жасап. 

Армения мен Әзербайжан
Фото: trend.az

«Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін Армения мен Әзербайжан екі түрлі дипломатиялық тілде сөйлеп келді. Арменияда да, Әзербайжанда да, сондай-ақ шет елдерде де бейбітшілікті қаламайтын күштер бар және бола береді», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар