Пашинян Армениядағы парламент сайлауына қатыспақ

АСТАНА. KAZINFORM — Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян келесі жылдың жазында өтетін парламенттік сайлауға қатысу үшін өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Пашинян Армения парламент сайлауына қатыспақ
Фото: facebook.com/nikol.pashinyan

— Осы хат арқылы мен 2026 жылғы кезекті парламенттік сайлауда «Азаматтық келісім» партиясының пропорционалды тізіміне енгізілуге өз кандидаттурамды ұсынамын, — деп жазды Пашинян әлеуметтік желілерде жариялаған мәлімдемесінде.

Бекітілген кестеге сәйкес, Армениядағы парламенттік сайлау 2026 жылдың 7 маусымында өтеді.

Билік партиясы — «Азаматтық келісімнің» сайлауалды штабының басшысы болып премьер-министр аппаратының жетекшісі Араик Арутюнян тағайындалды.

Ал бұған дейін Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян да алдағы сайлауға қатысу ниетін білдіріп, өз командасының 2026 жылғы сайлау науқанына дайындалып жатқанын айтқан болатын.

Бұған қоса, бұған дейін премьер-министр Никол Пашинянның Қазақстанға сапар шегуді жоспарлап отырғаны хабарланған еді

Соңғы жаңалықтар