Пашинян Армения премьері лауазымына билік партиясының кандидаты ретінде ұсынылды
АСТАНА. KAZINFORM — Арменияның қазіргі премьер-министрі Никол Пашинян 7 маусымда өтетін парламент сайлауында өзі басқарып отырған «Азаматтық келісімшарт» партиясының премьер-министр лауазымына кандидаты ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Еревандағы меншікті тілшісі.
Пашинян бұл туралы Telegram арнасында хабарлады. Оның айтуынша, «Азаматтық келісім» партиясында ішкіпартиялық дауыс берудің екі кезеңінің қорытындысы бойынша ол 933 дауыс жинап, сайлау тізімінде бірінші орын алды.
— Мен партиялас әріптестеріме сенім білдіргені, сайлау тізіміндегі көшбасшылығымды қолдағаны және Армения Республикасының премьер-министрі лауазымына кандидат болу құрметі үшін алғысымды білдіремін, — деп жазды Пашинян.
Осыған дейін Қазақстан мен Армения арасындағы әуе қатынасы жаңа серпін алып, алдағы айларда елдер арасында тікелей рейстер іске қосылатынын хабарладық.