14:56, 22 Қазан 2025 | GMT +5
Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бакумен транзит мәселесін шешуге көмектескені үшін алғыс айтты
АСТАНА. KAZINFORM — Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әзербайжанның жүк транзитіне қойған шектеулерді алып тастау туралы келісімге қол жеткізгені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Kazinform.

— Кеше Ильхам Әлиев Әзербайжан өз аумағы арқылы Арменияға жүк транзитіне қойылған шектеулерді алып тастайтынын мәлімдеді. Бұл өте маңызды мәлімдеме және мен Әзербайжан президентіне бұл қадамы үшін алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ Қазақстан президенті мен Грузия премьер-министріне осы келісімге қол жеткізудегі рөлі үшін алғысымды білдіргім келеді, — деп мәлімдеді Пашинян Тбилисидегі Жібек жолы форумында.
Еске сала кетсек, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.