16:04, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Пәтер тонаушы жазасын алды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Байқоңыр қалалық сотының үкімімен пәтер тонаушы 2 жыл бас бостандығынан айрылды. Бұл жөнінде Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Жазаланушы бұрын қасақана жасалған қылмысы үшін сотты болған. Ол басына түскен істен сабақ алмай, қылмысын тағы қайталап отыр. Бұл жолы ұры тұрғын үйге балкон есігін бұзып, заңсыз кіру арқылы жәбірленушіге тиесілі дүние-мүліктерді ұрлап, 139 860 теңге материалдық залал келтіргені үшін айыпталған. Сот тергеуінде сотталушының кінәсі толық дәлелденіп, тиісті жазасын алды.