Павел Дуров өзінің тұтқындалуы туралы: Бұл Франция полициясының қателігі

АСТАНА. KAZINFORM – Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров өзінің тұтқындалуын Франция полициясының қателігі деп атады.

Дуров назвал свой арест ошибкой французской полиции
Фото: news.ru

Оның сөзінше, ірі платформаның бас директорын оның қолданушыларының әрекеті үшін тұтқындау заң тұрғысынан да логикалық жағынан да ақылғы сыйымсыз.

- Мені Франция полициясының қателігі ұшін ұстады. Олар 2024 жылдың тамызына дейін Франция мен Еуропалық Одақ заңдарын елемеген, яғни заң талаптарына сай Telegram-ға сұрау салмаған. Оларға заң тәртібін гугл арқылы-ақ біле салуға болатын еді,- деп жазды ол өзінің Telegram парақшасында.

Дуровтың сөзінше, бір жыл өтті, ал тергеу әлі айып таға алмай отыр. Себебі Telegram Франциядан жіберілген барлық заңдық, міндетті сауалдарға жауап беріп отырды.

Дуров өзінің Францияға әр 14 күн сайын барып тұруға мәжбүр болып отырғанын айтты. Ал аппеляция мерзімі әлі тағайындалмаған.

- Өкінішке орай, менің тұтқындалуымның жалғыз нәтижесі - ол Франция имиджіне еркін мемлекет ретінде үлкен нұқсан келді,-деді ол.

Осыған дейін Дуров Telegram Ресей нарығындағы жұмысын жалғастыра беретінін айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар