Павел Дуровтың Көлсайға шомылуына жол берген қызметкерлер жазаланады

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай суына шомылып жатқан бейнежазбасын жариялады.

Павел Дуровтың Көлсайға шомылуына жол берген қызметкерлер жазаланады
Фото: скриншот

Бұл оқиғаға байланысты «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілі мәлімдеме жасады.

– Көлсай көлдерінде шомылу туристік маршруттың төлқұжатына сәйкес қатаң түрде тыйым салынған. Осы жағдайға байланысты парк басшылығы қызметтік тексеру жұмыстарын бастады. Оның қорытындысы бойынша тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген жауапты қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылады, - деп хабарлады ұлттық табиғи паркінен.  

Еске салайық, бұған дейін Павел Дуров Астанадағы стартапшылар байқауында қазылық етті.

Соңғы жаңалықтар