Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар әкімінің гранттары мен алғыс хаттары - этномәдени бірлестіктердің белсенділері

ПАВЛОДАР. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстан Конституциясы күнінің қарсаңында Павлодардың әкімі Бақытжан Жоламанов қаладағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен, облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясының жас белсенділерімен кездесу өткізді.

Павлодар әкімінің гранттары мен алғыс хаттары - этномәдени бірлестіктердің белсенділері

Жиналған қауымды мерекелерімен құттықтаған қала басшысы «Конституция біздің басты құндылықтарымызды, тәуелсіздігімізді, демократия мақсаттары мен адам құқығына деген құрметті, еркін еңбек пен адамзаттың ар-ожданын нығайтты», - деп атап өтті.

Ұлтаралық және конфессия аралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты, диаспоралардың мәдени дәстүрін сақтауды нығайтуға қосқан үлесі үшін қала әкімі этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне гранттар мен алығс хаттарды табыс етті.