Павлодар: Қазақстан мен Ресей аумағында көліктік бақылауды ұйымдастыру мәселесі талқыланды

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда өткен өңірлік семинар-кеңесте Қазақстан мен Ресейдің автокөлік, су және теміржол көліктерін бақылауды ұйымдастыру мәселесі талқыланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл басқосуға Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының, Ресейдің Сібір мемлекеттік автожолдарды қадағалау басқармасының (Челябі) және прокуратураның өкілдері қатысты. Әріптестер шекаралас облыстар үшін өзекті проблема - ауыр жүк көліктеріне арналған жолдың жоқтығын талқылады. Аса ауыр жүк тасымалдаушы машиналар кәдімгі жолдарға үлкен зақым келтіреді және жүргізушілердің өмірлеріне қауіп төндіреді. Бұл жағдайда көліктік бақылау жұмысын жақсы ұйымдастыру, шекара бекеттерінде осындай ірі габаритті көліктерге ерекше назар аудару маңызды. Сібір басқармасының бастығы Василий Иваньковтың пікірінше, шекаралас өңірлердің арасындағы берік байланыс пен ақпараттармен тұрақты алмасып отыру ортақ міндеттерді шешуге көп көмектеседі.
Соңғы жаңалықтар