Павлодар Қазақстан мен Ресей IX аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық үстінде

ПАВЛОДАР. 21 маусым. ҚазАқпарат - Облыстық әкімдікте Павлодар қаласында болатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының IX Аймақаралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға дайындық жөнінде кеңес өтті,

Павлодар Қазақстан мен Ресей IX аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық үстінде

 деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Оған шамамен ресейден 1,4 мың қонақ келеді деп күтілуде.

Шараны ұйымдастыруға қалаға 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді, оны қаланы көріктендіруге, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуін өткізуге жұмсау жоспарланып отыр.

Форумға дайындық жөніндегі барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Басты назар алқалы жиын жұмысын техникалық жағынан қамтамасыз етуге, яғни ұялы байланыс, интернет, wi-fi байланысына бөлінетін болады. Қонақтарға 29 жайлы автобус қызмет көрсетеді, ұшақтарға арналған арнайы техника сатып алынды, әуежайдағы VIP залдың келбеті өзгермек. Шаһардың автовокзалы мен темір жол вокзалы да назардан тыс қалмайды.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға 1000 полицей жұмылдырылып, барлық нысанда медпунктер мен кезекші дәрігерлер жұмыс істейтін болады.

Бүгінгі күні Павлодар қаласында 33 шақырым жол мен сыртқы жарық беру жүйесін жөндеп, Ертіс жағалауын тәртіпке келтіру қажет.  Шоқан Уәлиханов пен Григорий Потанинге ескерткіш қойылады. Үш түрлітүсті музыкалық және бірқатар субұрқақтар қосылады.

Форум аясында екі елдің инновациялық дамуы мен ынтымақтастығына арналған көрме жұмыс істеп, оған Қазақстанның - 13, ал Ресейдің 12 облысы қатысады, сондай-ақ диалог алаңы да ұйымдастырылады.