Павлодар мемлекеттік университетінің алғашқы түлектері қазақстандық және ресейлік екі дипломның иегерлері атанады
ПАВЛОДАР. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алғашқы төрт түлегі биылғы жылы ресейлік және қазақстандық үлгідегі ек дипломның иегерлері атанады.
«Бұл Павлодар мемлекеттік университеті мен Ресей халықтар достастығы университетінің арасында «аударма ісі» мамандығы бойынша қол қойылған екі дипломдық білім беру жөніндегі жұмыс бағдарламасының арқасында жүзеге асып отыр», - деп хабарлады ПМУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Гүлнара Молдахметова.