20:39, 22 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Павлодар облысы әкімінің уәдесі: 2026 жылы Ақсу қаласына ерекше назар аударылады
АСТАНА. KAZINFORM – Келер жылы Ақсуды абаттандыруға қомақты қаражат бөлінеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлім етті.
– Қазір Павлодар қаласы мен Екібастұзды абаттандыру және көркейту жағынан жағдай жаман емес. Бірақ Ақсу қаласында бұл жұмыстар осы деңгейге жетпеген, яғни абаттандыру жағынан дұрыс көңіл бөлінбеді, - деді А. Байханов.
Осы орайда ол бұл қалада балалардың ойын алаңдары тапшы екенін мойындады.
– Сондықтан 2026 жылы Ақсу қаласына ерекше назар аударылады деп уәде беремін, - деді облыс әкімі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақсу қаласының теміржол вокзалы жаңартылып жатқанын жазған едік.