Павлодар облысында 500-ге жуық сыныптың оқушылары қашықтан білім алып жатыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Қазіргі уақытта облыс бойынша оқушылардың 16,8%-ы тұмау ауруларына шалдыққан немесе суық тидірген.

қашықтан оқыту
Фото: Pixabay

Павлодар облыстық білім беру басқармасы өңір мектептеріндегі эпидемиологиялық ахуал туралы кезекті ақпаратпен бөлісті. Басқарма мәліметінше, қазіргі уақытта 78 мектептің кейбір сыныптары үйден білім алып жатыр.

— Бүгінгі күні 78 мектептен жалпы саны 479 сыныптың оқушылары қашықтан білім алуға көшірілген. Қашықтан оқыту форматына ауысқандардың басым бөлігі Павлодар қаласында (248 сынып). Ал Екібастұз қаласында — 68, Ақсу қаласында — 45, Баянауыл ауданында — 25, Железин ауданында — 8, Тереңкөлде — 10, Успенде — 30, Павлодар ауданында — 29, ал мамандандырылған білім ұйымдарында 16 сыныптың оқушылары үйден оқып жатыр, — деп хабарлады өңірлік білім беру басқармасынан.

Бұған дейін Павлодар өңірі бойынша 150 сыныптың оқушылары қашықтан оқуға көшірілгенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар