Павлодар облысында балалары өрттен қаза тапқан отбасыға пәтер берілді

АСТАНА. KAZINFORM — Өрттен екі баласы қаза тапқан отбасыға Иртышск ауылында үш бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Двое детей погибли в пожаре в Павлодарской области
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Ертіс ауданының әкімдігі отбасының жақындарына көңіл айтты. Қазіргі уақытта зардап шеккендермен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр, өрттің себебі әлі анықталу үстінде.

Құтқарылған балалардың бірінің жағдайы өте ауыр.

— Өрттен зардап шеккен отбасыға үш бөлмелі жайлы пәтер ұсынылып отыр, қажетті жиһаз, киім-кешек және тұрмыстық заттар сатып алынды. Сондай-ақ, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіледі, — деп хабарлады Ертіс ауданының әкімдігі.

Еске сала кетсек, 15 қаңтарда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Иртышск ауылындағы жеке үйде өрт шыққанын хабарлады. 

Өрт кезінде кәмелетке толмаған төрт бала үйде жалғыз қалған, олардың анасы жұмыста болған. Балалардың екеуі қаза тапты. 

Кейінірек дәрігерлер зардап шеккен балалардың жағдайы қалай екенін баяндап берді. 

Соңғы жаңалықтар