Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысында мемлекет меншігіне 2 мың гектардан астам жер қайтарылды

АСТАНА.KAZINFORM – Павлодар облысы Баянауыл ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану барысында жер заңнамасы бұзылғанын анықтады.

земля, земельный участок, жер
Фото: АШМ

Тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушы жалдау мерзімі аяқталғанына қарамастан, жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтармай, пайдалануды жалғастырғаны белгілі болды. Атап айтқанда, «Рымжан» шаруа қожалығы Қызылтау ауылдық округінің аумағында орналасқан көлемі 680,4 гектар жер учаскесін заңсыз пайдаланған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтар жойылды. Облыстық прокуратура мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет меншігіне кадастрлық құны 16 млн теңгеден асатын 2 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды.

Айта кетейік, Жамбыл облысында биылдан бері мемлекет меншігіне 47 536,43 гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды.

Алматыда су қорғау аймағындағы 17 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ақтөбеде игерілмеген 36,6 мың гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды.