Павлодар облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар-Семей тасжолында көлік апатынан 3 адам мерт болып, бір адам қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

жол апаты
Фото: Павлодар облысы ПД

Өңірлік Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 8 қаңтар күні Аққулы ауданы Тілектес ауылы маңында болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Sportage көлігінің жүргізушісі қар күрейтін көлікті озып өте бергенде қарсы жолаққа шығып кеткен және КамАЗ жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. 

жол апаты
Фото: Павлодар облысы ПД

— Апат салдарынан Kiа көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы сол жерде жан тапсырды. Ал бір жолаушы түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды. Соқтығысқан көліктер арнайы тұраққа қойылды, — деп хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

жол апаты
Фото: Павлодар облысы ПД

Облыстық жедел жәрдем стансасының дерегіне сай, шақырту 20:35–те түскен. Қалалық ауруханаға 53 жастағы ер адам жеткізілді. Жарақат алған тағы бір жолаушы — 61 жастағы ер кісі ауруханаға барудан бас тартқан.

Бұған дейін Ұлытау облысында жол апатынан үш адам көз жұмған еді.

Соңғы жаңалықтар