Павлодар облысының сот өкілдері табысын жасырып, кірісі туралы толық мәлімет бермеген
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысының сот өкілдері салық декларациясын тапсыру кезінде кірісі туралы толық мәлімет бермеген. Бұл туралы облыстың прокуратурасы мәлімдеді.
Өңір прокуратурасы сот өкілдерінің салық міндеттемелерін уақтылы және толық орындауына талдау жүргізді. Нәтижесінде заңгерлер мемлекет қазынасына жеке табыс салығын толық көлемде төлемегені анықталды.
— Декларация тапсырған кезде олар барлық табысын көрсетпеген. Облыстың Мемлекеттік кірістер департаментіне заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді. Мемлекеттік кірістер органдары жүргізген камералдық бақылау нәтижесінде бюджетке 1,9 миллион теңге салық түсті, — деп атап өтті Павлодар облысының прокуратурасы.
Айта кетейік, Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе 60 мәселені қарастырды.