Павлодар облысы әкімдігі мен Беларусь Республикасының ҚР-дағы Елшілігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Ничкасовпен кездесті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Сұхбат барысында екі тарап екіжақтың ынтымақтастық ахуалы мен болашағын талқылады.

Одан басқа, облыс әкімі мен елші аймақты дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін қарады, атап айтқанда, тараптар машина жасау, түсті металлургия және ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

Сондай-ақ Павлодар облысы әкімдігі мен Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған құжат аясында тараптар өз құзыреттері шеңберінде келесі бағыттар бойынша іс-қимыл жасасатын болады: Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы Павлодар облысының ұйымдары арасында іскери байланыс орнату және оны дамытуға мүмкіндік туғызу;тауарлық нарықтарды дамыту, тараптар жасап шығаратын тауарларды жарнамалайтын бірлескен кәсіпорындар құру. Қазақстан Республикасының Павлодар облысында Беларусь Республикасы кәсіпорындары өнімдерінің көрмелері мен жәрмеңкелерін өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Павлодар облысының кәсіпорындары өнімдерінің көрмелері мен жәрмеңкелерін Беларусь Республикасында өткізу; ауыл шаруашылық, коммуналдық, құрылыс, карьерлік және жол техникасын, мұнай өңдеуге арналған құрал-жабдықты, автокөлік техникасын, азық-түлікті, ағаш өңдеу өнеркәсібінің, құрылыс индустриясының өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасы Павлодар облысына құрылыс қызметтерін көрсетуі және Павлодар облысында өндірілетін тауарларды Беларусь Республикасына жеткізу арқылы екіжақтық сауданы дамыту; бірлескен кәсіпорындар және басқа да коммерциялық құрылымдар ашу және Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының Павлодар облысы арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейту; беларусьтік шаруашылық субъектілерінің Қазақстан Республикасының Павлодар облысында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға қатысуы.

Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Ничкасов Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында Павлодар облысының кәсіпкерлерімен кездеседі, сондай-ақ «Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінде болып қайтады.

Соңғы жаңалықтар