Павлодар облысы әкімдігі мен Швеция Корольдігінің ҚР-дағы Елшілігі арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын мен Қазақстандағы Швеция Корольдігі Елшілігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Манне Венгборг арасында халықаралық және аймақаралық сауда-экономикалық, екі жақтың әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени қарым-қатынасын дамытуды меңзейтін өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Павлодар облысы әкімдігі мен Швеция Корольдігінің ҚР-дағы Елшілігі арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды

Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ынтмақтастық шведтік-қазақстандық инновациялар және технологиялар орталығын дамытуға жәрдемдесуді көздейді. Кездесу соңында екі жақ Меморандум аясында жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, ынтымақтастық мәселелерін шешу үшін жұмыс тобын құруға сөз берісті.