Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында ел бірлігі доктринасының жобасы талқыланды
Облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясы кеше өтті. Талқылауға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік мекемелердің, ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар алқасының өкілдері, жастар қатысты.
Сессияны ашқан облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің баяндамасында: «Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев ұлт саясатының жаңа стратегиялық құжатын ұсынды, ол Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін сапалық жаңа деңгейге шығарады. Ел бірлігі доктринасы біздің жақсы тәжірибелерімізді қорытуға және алға қарай жылжыуымызға жақсы негіз болады», - деп атап көрсетті.
Облыста Қазақстан халқы Ассамблеясы XV сессиясының материалдарын талқылау жөнінде белсенді ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілуде. Доктринаның стратегиялық міндеттері Достық үйінде, Шарбақты ауданында, Успен және Ақтоғай аудандарында диалог алаңдарында қаралды.
ҚХА сессиясына қатысушылар аймақ тұрғындарына Үндеу қабылдады. Онда Мемлекет басшысының ел бірлігі доктринасын қабылдау жөніндегі бастамасына қолдау білдірілген.