Павлодар облысы мен Нидерланды Корольдігінің ынтымақтастық перспективасы талқыланды
ПАВЛОДАР. 28 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысының басшылығының Нидерланды Корольдігі экономикалық кеңсесінің басшысы Вилко Роггенкамппен және Голландия компанияларының өкілдерімен кездесуінде Павлодар облысының агроөнеркәсіп секторын дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.
Қазірдің өзінде облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері Голландия компанияларымен нәтижелі ынтымақтастық орнатып үлгерді. «Ақтоғай Агро» ЖШС және «Заря» ШҚ 10 жылдан астам уақыт бойы голландиялық картоп және көкөніс өсіру технологиясын қолданады және тұқым сатып алады.
Голландия делегациясы «Биосем» өндіріс кооперативін, Ақсу қаласы және Павлодар ауданы аймағындағы шаруашылық қожалықтарын аралап көрді.
Голландия делегациясымен жүргізілген келіссөздер шеңберінде заманауи сүт-тауарлы фермаларын, құс өсіру саласына арналған репродукторлар құру, Нидерланды заманауи технологиялары трансфертін қолдана отырып, өңірдің көкөніс қоймасы желісін жетілдіру жөнінде жобалар ұсынылды.