Павлодар облысы мен Удмуртия сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
СОЧИ. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімдігі мен Удмуртия Республикасының Үкіметі (РФ субъектісі) сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа қол қою Сочи қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумының аясындағы «Ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықтың агроөнеркәсіп кешені саласындағы болашағы» мамандандырылған көрмесінің барысында өтті.