Павлодар облысы Мичурино ауылында болған өрттен екі бала қаза тапты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 4-тер шамасында Павлодар облыстық ТЖД кезекшілік бөліміне Павлодар ауданы Мичурино ауылында шыққан өрт туралы хабар келіп түсті, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Павлодар облысы Мичурино ауылында болған өрттен екі бала қаза тапты

6 бөлмелі үй жанды, шатырдың кей бөлігі бұзылып, жалын көлемі 80 шаршы метр болатын жапсыра салынған қораға өткен.

Өртті ауыздықтауға 12 өрт құтқарушысы мен 4 техника жұмылдырылды. Оқиға орнынан екі баланың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша олар 2003 және 2009 жылы туғандар.

Оқиға орнында үйінділерді байқау жұмыстары жалғасуда. Жылжымалы өрт сөндіру-техникалық зертхана жұмыс істеуде.