Павлодар облысында төтенше жағдайларға дайын болу керек - ТЖК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Павлодар облысын су басу қаупі туралы айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Шығыс Қазақстан облысының Бесқарай ауданында Ертістің бойымен мұздың үлкен кептелісі пайда болды. Оның ұзындығы 8 шақырымнан асып отыр. Мұзға шығып, жарылғыш заттарды қою қауіпті. Сол себепті ондай жұмыстар атқарылған жоқ.

«Бүгін кешке қарай ол жерге су көп келеді деген болжам бар. Өйткені осыдан екі күн бұрын Шүлбі гидроэлектр стансасынан суды көптеп жібере бастады. Ол жерде секундына 1 500 текше метр су жіберіп жатыр. Осы судың арқасында мұз кептелісі ары қарай жылжиды деген болжам бар, я болмаса, мұзды жағаға итеріп шығарады», - деді В.Беккер елордада өткен баспасөз мәслиxатында.

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, Шүлбі гидроэлектр стансасынан судың көптеп жіберілуіне байланысты Павлодар облысын су басу қаупі бар.

«Кривинка ауылы маңайында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысы шектеседі. Ал Шүлбі қоймасынан суды көптеп жіберу шаралары жалғасады. Осыған байланысты Павлодар облысындағы жағдай да қиындай түседі. Ол жақта да елді мекендер бар», - деп атап көрсетті В.Беккер.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте комитет басшысы елордаға жақын Қосшы ауылындағы ауыз су мәселесін түсіндірді.

Комитет басшысы Қазгидрометтің алдағы болжамына алаңдап отырғанын да жасырмады.

Ал Павлодар облысында республикалық маңызы бар жолды қалпына келтірді.

Атбасарда судың деңгейі төмендей бастады.

Соңғы жаңалықтар