Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам ажал құшты

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Лебяжі ауданында «Павлодар -Семей» автожолының 152-ші шақырымында ішінде 43 жолаушысы бар «Setra» автобусы мен «Ваз» автокөлігі қақтығысып қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам ажал құшты

Салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен оның 5 жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Қаза болғандар арасында 2 бала бар. Оның біреуі 3 жасар қыз, екіншісі жаңа туған сәби еді. Тағы бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Автобус жолаушылары дін аман. Олардың барлығы жол үстінде ілесіп келе жатқан автобусқа отырғызылып, Павлодарға жөнелтілді.