08:37, 04 Қазан 2013 | GMT +5
Павлодар облысының әкімі «Capital-Longji Sci-Tech» қытай мемкомпаниясы президентімен ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады
ПАВЛОДАР. 4 қазан. ҚазАқпарат - Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда өзара тиімді ынтымақтастық жөніндегі мәселелерге байланысты Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын «Capital-Longji Sci-Tech» мемлекеттік компаниясының президенті Чжоу Хай Вэймен кездесті,

деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметінен.
Қытай тарапымен тиімді ынтымақтастықтың нәтижесінде Павлодар облысында қуаттылығы жылына 40 мың тонна «Кальцилендірілген сода өндіру бойынша зауыт құрылысы» жобасын жүзеге асыру көзделген.
Қытай компаниясы мұнай-газ бұрғылайтын қондырғылар мен электр механикалық құрылғыларды экспорттап, өнеркәсіптік және азаматтық нысандарды салады, нақты жобаларды қаржыландырады.