Павлодар облысының әкімі Чехия Республикасының елшісімен кездесті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Элишка Жиговамен кездесті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

- Біз Еуропаның көшбасшы елдерімен арадағы әріптестікті нығайтып, әрі қарай дамытуды белсенді жүргізіп келеміз. Чехиялық әріптестерімізбен де өзара тиімді әрекеттестік бойынша ұсыныстарды талқылауға әзірміз, - деді Қанат Бозымбаев жүздесу барысында. Облыс әкімінің айтуынша, өңірде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған. Соңғы жылдары негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі тұрақты түрде артқан. Шетелдік инвестициялар өңір экономикасына тартылған жалпы инвестициялар көлемінің 25 пайызын құрайды. Мәселен, арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымының 1-ші кезектегі құрылысы аяқталды. Экономикалық аймақтың негізгі бағыттары - химия, мұнай-химия және түсті металлургия салаларын дамыту болып табылады. Автомобиль өнеркәсібіне қажетті қосалқы бөлшектерді жасау өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Аймақтағы өндірілетін алюминийден жасалған дайын бұйымдар, темір жол машиналары құрылысының өнімдері, өндірістік және тұрмыстық химия өнімдері жаңа аймақтық брендке айналуы мүмкін. - Облыста құрылған инвестицияларды тарту жөніндегі агенттік, экологиялық технологиялар жөніндегі құзыреттіліктер орталығы мен басқа да даму институттары екі жақты қарым-қатынастарды жақсартуға және жүзеге асыруға септігін тигізеді деп есептеймін. Сондай-ақ, Павлодар облысында автомобиль, темір жол, су және әуе көліктерін бірыңғай коммуникациялар желісіне жұмылдырған дамыған көлік кешені бар, - деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде Чехия Республикасының елшісі Элишка Жигова ханым чехиялық бизнесмендердің металлургия, химия, темір жол өнеркәсібінің өнімдеріне және «Роса» АҚ базасының негізінде сыра және алкогольсіз сусындар өндірісін дамытуға қызығушылық танытып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ елші Павлодар облысының мүмкіндіктерін чехиялық бизнесмендерге таныстырып, оларды жақын арада өңірімізде өтетін инвестициялық формуға шақыратынын айтты.

Соңғы жаңалықтар