Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысының жас әртістері ҚХА 20 жылдығына өз әндері мен билерін тарту етті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Балапан - 2005» балалар шығармашылығының алғашқы облыстық байқауы Екібастұзда аяқталды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы Жазира Сыздықова.

Павлодар облысының жас әртістері ҚХА 20 жылдығына өз әндері мен билерін тарту етті

Көміршілер мен энергетиктер қаласына облыстың қалалары мен аудандарынан балалар би және вокалдық ұжымдары келді, барлығы 200 балғын қатысты, байқаудың барлық қатысушылары жеңісті қолдан бермеуге тырысты. Екі күнде байқауға қатысушылар хореографиялық қойылымдар көрсетіп, вокалдық ансамбльде өнер көрсетті.

Байқауды әншілер Ақсу қаласынан жеті жасар Сабина Бейсембаева мен Екібастұздан келген 10 жасар Алдияр Өркен ашты.

Әділқазылар, бишілердің әртістік шеберлігі мен эмоцияға берілуін ескеріп, хореографиялық өнерде бірінші орынды жас екібастұздықтар мен Майқайың бишілеріне берді. «Майқайың балаларға арналған өнер мектебінің «Айналайын», №35 мектептің «Непоседы», «Қайнар» ББК-нің «Очарование» және «Радость» ұжымдары жеңімпаз деп танылды.

Байқауға қатысушылар сахнада өнер көрсетіп қана қоймай, көрермен де болды. «Қайнар» ББК-нің «Маска» театр ұжымы «Держись, Султан!» спектаклін көрсетті. Балалар сондай-ақ ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен «Бірге қуанамыз!» атты мерекелік флеш-мобқа қатысты.