Павлодар педагогикалық институты «Сібір ашық университеті» қауымдастығына қабылданды

ПАВЛОДАР.   Қазанның  1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мемлекеттік  педагогикалық   институты   білім  және ғылым  мекемелерінің «Сібір  ашық университеті»    қауымдастығына  қабылданды. 

Павлодар  педагогикалық институты  «Сібір  ашық университеті» қауымдастығына  қабылданды

Сібір  университеттер  консорциумы   аймақтағы жоғары  білімнің  зияткерлік  ресурстарының басын  біріктіріп,  заманауи    телекоммуникациялар  мен  қашықтықтан оқыту  технологияларының негізінде      ортақ  ғылыми-білім  кеңістігін   құруды мақсат етіп  отыр.

Павлодар  педагогикалық университетін   қауымдастыққа қабылдау  туралы шешім   қауымдастықтың 45  өкілінің   қатысуымен  Томбыда  өткен     жалпы жиналыста қабылданды.  Олар  -    Ресей мен Қазақстанның  жоғары  оқу  орындары мен ғылыми мекемелерінің   жетекшілері. 

Қауымдастықтың  жаңа  мүшесін  оның президенті,  Томбы мемлекеттік университетінің ректоры Г.Майер  құттықтап,    табысты  және ұзақмерзімдік ынтымақтастыққа     ниет  білдірді.