Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар, Шымкент және Атырау МӨЗ-дерінің қуаты кезең-кезеңімен ұлғайтылады

АСТАНА. KAZINFORM – Шикізаттық бағыттан терең өңдеуге көшу мақсатында Үкімет 2040 жылға дейінгі мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасын қабылдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Төртінші мұнай өңдеу зауыты
Фото: Энергетика министрлігі

Қазіргі уақытта Қазақстанда 254 электр стансасы жұмыс істейді. Олардағы жабдықтардың орташа тозу деңгейі 56%. Электр энергиясын өндіру көлемі 63,1 млрд кВт/сағ ішкі тұтыну кезінде 63,1 млрд кВт / сағ. Экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 2035 жылға дейінгі жоспар аясында 26 ГВт-тан астам жаңа электр энергиясын өндіру қуатын іске қосу көзделген. Осы міндеттер шеңберінде Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа жылу электр орталықтарын (ЖЭО) салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалар бойынша инвесторлар айқындалып, жобалау мен жабдықтарды жеткізуге арналған EPC-келісімшарттарға қол қойылды.

Төмен көміртекті экономикаға кезең-кезеңімен көшу мақсатында жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта елімізде жалпы қуаты 3,8 ГВт-тан асатын 172 жаңартылатын энергия көзі нысаны жұмыс істейді.

Олардың құрылымы төмендегідей:
71 жел электр стансасы – жалпы қуаты 2 ГВт;
54 күн электр стансасы – жалпы қуаты 1,4 ГВт;
44 гидроэлектрстансасы – жалпы қуаты 313,68 МВт;
3 биогаз электр стансасы – жалпы қуаты 1,77 МВт.

2026 жылға жалпы қуаты 245,8 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 10 жобасын іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда олардың жалпы қуаты 212 МВт болатын 7 нысаны жүзеге асырылды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 13,5%-ға өсіп, 99,6 млн тонна болды. 2026 жылға арналған жоспар – 98 млн тонна. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында 45,7 млн тонна мұнай өндіріліп, 8,985 млн тонна мұнай өңделді. Қазіргі таңда еліміздегі 4 жұмыс істеп тұрған битум зауытының жалпы өндірістік қуаты жылына 1,66 млн тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш жол құрылысы жұмыстарына қажетті ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеді.

Шикізаттық бағыттан терең өңдеуге көшу мақсатында Үкімет 2040 жылға дейінгі мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасын қабылдады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 18,4 млн тонна болды. 2026 жылы негізгі мұнай өңдеу зауыттарының қуатын арттыру жобаларын іс жүзінде жүзеге асыру басталады: Павлодар мұнай-химия зауытының (МХЗ) қуаты жылына 5,5 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін ұлғайтылады; Шымкент мұнай өңдеу зауытының (ПКОП) қуаты жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін жеткізіледі; Атырау мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) қуаты жылына 5,5 млн тоннадан 6,7 млн тоннаға дейін арттырылады. Зауыттарда бекітілген кестеге сәйкес жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Газ саласында өткен жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 15%-ға өсіп, 68,2 млрд текше метрді құрады. 2026 жылға арналған жоспар – 62,8 млрд текше метр. 2026 жылғы қаңтар–маусым айларында 31,9 млрд текше метр газ өндірілді. Ал биылғы жылға елді мекендерді газбен қамтамасыз ету жоспарлы деңгейі 64,3% болып белгіленді.

Айта кетелік елде жаңа су қоймалары салынып, су есебі толық цифрландырылады