Павлодар тұрғынынан 30 келіден асатын есірткі тәркіленді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысында күдіктінің иелігіндегі жер учаскесін тексеру кезінде 150 түп қарасора және оның кептірілген бөліктері табылды.

Павлодар тұрғынынан 30 келіден асатын есірткі тәркіленді
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел уәкілдері облыстық прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінген ер адамды ұстады.

— Ер адам қарасора бұталарын жеке тұтыну мақсатында егіп, өсіргенін мойындады. Табылған өсімдіктер мен олардың кептірілген бөліктері сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде жалпы салмағы 30 кг-нан асатын есірткі заттар анықталды. Құрамында есірткі бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған екі күдікті ұсталды.

Соңғы жаңалықтар